Ауа райы: Бүгін еліміздің батысы мен солтүстігінде күн суытады
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болжанды.
Синоптиктердің болжамынша, тек еліміздің батысы мен солтүстігі арқылы атмосфералық фронтальды бөлімдер өтетіндіктен, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, тұман мен көктайғақ болжанды, - делінген «Қазгидромет» РМК ақпаратында.
Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -11-13°С, күндіз 0,+2°С болады.
Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел 0-5 м/с соғады. Ауаның температурасы түнде +1+3°С, күндіз +14+16°С болады.
Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде +7+9°С, күндіз +23+25°С болады.
-->Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.