30 мыңнан астам талапкер негізгі ҰБТ-ны тапсырды
Елімізде негізгі ҰБТ басталғаннан бері 30 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 69%-ы қазақ тілінде, 31%-ы орыс тілінде, 40 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлады Elorda.info.
ҰБТ басталғалы шекті балды 71% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 64 балды құрады. Ең жоғары балл – 136.
16 мамырда басталған 2024 жылғы негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Естеріңізге сала кетсек, тестілеуге қатысуға 186 мың талапкерден 342 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 20%-ы «Шығармашылық емтихан», 18%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын тапсырды. 11%-ы «Математика-Информатика» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 45 адам тапсырған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға бірінші аптада 102 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
-->ҰБТ басталғалы шекті балды 71% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 64 балды құрады. Ең жоғары балл – 136.
16 мамырда басталған 2024 жылғы негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Естеріңізге сала кетсек, тестілеуге қатысуға 186 мың талапкерден 342 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 20%-ы «Шығармашылық емтихан», 18%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын тапсырды. 11%-ы «Математика-Информатика» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 45 адам тапсырған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға бірінші аптада 102 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Бүгінгі таңда 41 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 32 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 9 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ, - делінген Ұлттық тестілеу орталығының ақпаратында.