Қарулы күштерде 7,5 мыңнан астам әйел қызмет етеді
Қазақстан Қарулы күштері қатарында 7 500 мыңнан аса нәзік жанды бар. Олар өздеріне артылған ауыр міндетті абыроймен атқарып жүр, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, әскердегі аруларды айтқанда жайлы жұмыс, жылы кабинетте жайғасқан қыз-келіншек көз алдымызға келуі мүмкін. Десе де, Қарулы күштердегі қыздардың осалы жоқ. Ерлермен қатар далалық оқу жаттығуына қатысып, қарудан оқ атады. Автоматты шашып жинау олар үшін күнделікті әдетке айналған. Солардың бірі 85-395 әскери бөлімінің офицері Жанат Паралиева. Ол 20 жыл бұрын Қарулы күштер қатарына қосылған. Осы уақыт ішінде сан мыңдаған сарбазға психологиялық көмек көрсетті.
Ауыр саланың темірдей тәртібіне көніп, қызмет пен отбасын қатар алып жүрген қаракөздер қаншама. Мәселен, елімізде 20 әйел полковник шеніне дейін жеткен. Осы саладағы басшылық қызметте жүрген нәзік жандының бірі – Эльмира Жұмашева. Өмірінің 26 жылын әскерге арнаған ол бүгінде Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының аға офицері.
-->Қазақстан Қарулы күштері қатарында 7 500 мыңнан аса нәзік жанды бар. Олар өздеріне артылған ауыр міндетті абыроймен атқарып жүр, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, әскердегі аруларды айтқанда жайлы жұмыс, жылы кабинетте жайғасқан қыз-келіншек көз алдымызға келуі мүмкін. Десе де, Қарулы күштердегі қыздардың осалы жоқ. Ерлермен қатар далалық оқу жаттығуына қатысып, қарудан оқ атады. Автоматты шашып жинау олар үшін күнделікті әдетке айналған. Солардың бірі 85-395 әскери бөлімінің офицері Жанат Паралиева. Ол 20 жыл бұрын Қарулы күштер қатарына қосылған. Осы уақыт ішінде сан мыңдаған сарбазға психологиялық көмек көрсетті.
Бұл әскери салаға менің келу себебім өзімнің бала кездегі арманым болды. Атамның қуған жолы болды. Одан кейін осы мен жеке жанұямды отбасымды, әскери қызметке келіп өзімнің жолдасымды тауып көпбалалы ана атандым. Мен үшін әскери қызметтің рөлі өте жоғары, - деді 85-396 әскери бөлімінің офицер психологы Жанат Паралиева.
Ауыр саланың темірдей тәртібіне көніп, қызмет пен отбасын қатар алып жүрген қаракөздер қаншама. Мәселен, елімізде 20 әйел полковник шеніне дейін жеткен. Осы саладағы басшылық қызметте жүрген нәзік жандының бірі – Эльмира Жұмашева. Өмірінің 26 жылын әскерге арнаған ол бүгінде Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының аға офицері.
Әскери әйелдер ер азаматтармен бірге сап түзеп келеді. Арасында үздік спортшыларымыз бар. Үздік мергендеріміз бар. Халықаралық «Арми» ойындарына қатысқан үздік әскери қызметкер әйелдер де бар. Оқу жаттығу барысында таулы дайындықта ату жаттығуларында да ер азаматтардан асып түскен қыздар бар әрине, - деді Оңтүстік өңірлік әскерлер қолбасшылығы тәрбие және идеологиялық басқармасының аға офицері Эльмира Жұмашева.