Әртүрлі

БҚО-дағы тікұшақ апатының болжалды себебі белгілі болды

Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев тікұшақ апатының болжалды себебін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысына қарасты Чапурино ауылынан 6 шақырым жерде «Қазавиаспас» АҚ-на тиесілі Ми-8 тікұшағы құлаған болатын. Салдарынан 4 адам мерт болған еді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

-->

Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев тікұшақ апатының болжалды себебін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Батыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған «Қазавиаспас» тікұшағы жаңа болған. Бір жыл бұрын ғана пайдалануға берілген. Құрамында авиациялық әкімшілік өкілдері бар комиссия құрылды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Қаралып жатқан нұсқалардың бірі – ауа райы жағдайы. Нақты қандай себеп екенін дәл қазір айта алмаймын, - деді вице-министр Сенаттың кулуарында тілшілер сұрағына берген жауабында.