Әртүрлі

Әкімдіктер су тасқынына әзір емес – Юрий Ильин

Бүгінгі таңда әкімдіктер су тасқынына әзір емес. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ министр 24 автомобиль жолы учаскесі (Түркістан – 23, Ақтөбе – 1) су астында қалғанын айтты.

Жыл басынан бері азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері су тасқыны салдарын жою үшін 20 сапарды жүзеге асырды (Семей қаласы, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш, Сарыбай би, Қайназар, Қарғалы Қарақастек елді мекендері).

Барлығы 349 әскери қызметші және 65 техника тартылды.

-->

Бүгінгі таңда әкімдіктер су тасқынына әзір емес. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінгі таңда әкімдіктердің су тасқынына әзір еместігі туралы 179 ескерту берілді (113 – Павлодар, 15 – Түркістан, 13 – Ақмола, 10 – Батыс Қазақстан, 8-ден – Қарағанды және Жамбыл, 6 – Жетісу, 5 – Қостанай, 1 - Ақтөбе облыстары). Жыл  басынан бастап қатты жауын-шашын мен ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты 46 елді мекенде 1 тұрғын үй мен 317 аула аумағы зардап шекті (Түркістан – 21, Жамбыл – 20, Алматы – 4, Шымкент - 1), – деді Юрий Ильин.

Сондай-ақ министр 24 автомобиль жолы учаскесі (Түркістан – 23, Ақтөбе – 1) су астында қалғанын айтты.

Алматы облысы мен Абай облысында су айдау, қапшықтарды төсеу, арықтар мен өзен арналарын тазарту, қар шығару және қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары үшін азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар тартылды. Төтенше жағдайларда суды айдау үшін өрт сөндіру машиналары, мотопомпалар тартылады, олардың мақсатсыз пайдаланылуы істен шығуға және қымбат жөндеуге әкеледі, - деді министр.

Жыл басынан бері азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері су тасқыны салдарын жою үшін 20 сапарды жүзеге асырды (Семей қаласы, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш, Сарыбай би, Қайназар, Қарғалы Қарақастек елді мекендері).

Барлығы 349 әскери қызметші және 65 техника тартылды.

Тек су сору үшін 8 өрт сөндіру машинасы мен 53 лай мотопомпасы тартылды. Су тасқынына дайындық жұмыстары жалғасуда және министрліктің тұрақты бақылауында, - деді Юрий Ильин.