Әртүрлі

Министр егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінетінін айтты

Биыл көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Министрдің айтуынша, 3 200-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қамтып, 2 миллион гектарға жуық алқапта егін егу мен жинауды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 123,6 млрд теңгеге 3,4 мыңға жуық өтінім қабылданып, 71,7 млрд теңгеден астам сомаға 1 669 өтінім мақұлданды.

-->

Биыл көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Аграрлық несие корпорациясы бұл қаражаттың бөлінуін күтпей-ақ, қолда бар ресурстар есебінен желтоқсан айынан бастап қаржыландыруды бастады. Мәселен, желтоқсанда 794 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 22,6 млрд теңгеге, қаңтардан бері 564 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 17,1 млрд теңгеге қаржыландырылды, - деді Е.Қарашөкеев.

Министрдің айтуынша, 3 200-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қамтып, 2 миллион гектарға жуық алқапта егін егу мен жинауды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 123,6 млрд теңгеге 3,4 мыңға жуық өтінім қабылданып, 71,7 млрд теңгеден астам сомаға 1 669 өтінім мақұлданды.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы да қаржыландыру жалғасады. Биыл Азық-түлік корпорациясы салаға 55 млрд теңге бөледі, оның 20 млрд теңгесі форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша, 35 млрд теңгесі тауарлық несие беру есебінен, - деді министр.