Әртүрлі

4 күндік жұмыс аптасы енгізіледі

Ұлыбританияда 4 күндік жұмыс аптасы енгізіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, әзірге мұндай мүмкіндік тек 18 компанияда бар,

Бұл – білім беру, ақпараттық технологиялар мен қаржы саласындағы ұжымдар. Тағы 38 ұйымға тиісті кесте бойынша жұмыс істеу ұсынылды. 4 күндік жұмыс аптасына қатысты пилоттық жоба былтыр іске қосылған еді. Ол жақсы нәтиже көрсеткен. Сөйтіп, тәжірибеге қатысқан компаниялардың табысы үштен бірге артқан. Қысқартулар саны азайған. Қызметкерлердің 40%-і күйзелістен біршама айыққандарын айтқан. Негізі тиісті жобалар Ұлыбританиядан бөлек, Испания мен Исландияда да қолға алынды.
 
-->