Әртүрлі

Найзағай, жаңбыр: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 21-23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері Қазақстандағы ауа райын үлкен қоры бар белсенді Атлантикалық циклон анықтайтын болады, соған байланысты республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын, қар және жаңбыр түрінде, көктайғақ құбылыстары, тұман, екпінді жел болжанады. Күндіз еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнайды.

-->

Республиканың батысында ауа температурасы түнде 0-8 градустан 7-15 градусқа дейін төмендеуйді, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында 5-15 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін жоғарылайды, орталығында 2-15 градус аяздан +3 градусқа дейін ауытқиды. Ал республиканың оңтүстік жартысында түнде  -3, ал күндіз +3 градус болады, - делінген хабарламада.