Тұман, жел, көктайғақ. Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Синоптиктер 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Болжамға сәйкес, батыс циклон жырасы және атмосфералық фронталь бөлімдер әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.
-->Синоптиктер 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Болжамға сәйкес, батыс циклон жырасы және атмосфералық фронталь бөлімдер әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.
Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанған. 18 ақпанда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, еліміздің оңтүстік жартысында – көктайғақ, солтүстік жартысында – бұрқасын болжанады, - делінген хабарламада.