Елордада тұрғын үй құрылысы бәсеңдеді ме
Үкімет отырысында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту туралы сөз алған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев елдегі тұрғын үй құрылысына қатысты өткен жылдың қорытындысын мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Министрдің айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 15,4 млн шаршы метр немесе 130,7 мың тұрғын үй салынған. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,8 пайызға өсіп, 2,9 трлн теңгені құраған.
Тұрғын үйді іске қосудың жалпы республикалық жоспарлы көрсеткіші 101,8 пайыз болса, соның ішінде Астана қаласы жоспарлы көрсеткішті 118,5 пайызға асыра орындаған. Жауапты ведомство өкілінің мәліметінше, бас шаһардағы салынған тұрғын үйдің жалпы көлемі 2,3 млн шаршы метрді құрап отыр.
-->Үкімет отырысында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту туралы сөз алған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев елдегі тұрғын үй құрылысына қатысты өткен жылдың қорытындысын мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.