Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен арасында Қазақстан азаматтары бар ма
Түркияда болған қуатты жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
-->Түркияда болған қуатты жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Түркия Республикасындағы Елшілігіміздің ақпаратына сәйкес, Астана уақытымен сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Түркияның оңтүстік-шығысындағы қуатты жер сілкінісінен кейін Қазақстан азаматтарынан өтініш түскен жоқ. Консул Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасымен үнемі байланысып отыр. Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе қаза тапқандар тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ. Сонымен қатар қирандылардың өте көп болуына байланысты құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын ескерген жөн, - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен брифинг барысында.