Әртүрлі

Үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» 4-6 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігі атмосфералық фронтал бөліктер ықпалында болады, елдің батыс, солтүстігі мен шығысында қар, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр соңы қарға ұласады. Тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жауын-шашын, жел күшейеді. Елдің батысында түнде ауа температурасы 7-18 градус, күндіз 3-8 градус аязға дейін төмендейді деп болжанған.

Елдің солтүстік жартысында, орталығында және шығысында температура фоны өзгеріссіз қалады: түнде 15-26 градус, күндіз 5-13 градус аяз болады. Оңтүстік аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы салқын, күндіз 2-10 градус жылы болады.

-->