Үйін су басқан жағдайда тұрғындарға өтемақы төлене ме
Алдағы уақытта су тасқыны болып, үйін су басқан жағдайда қазақстандықтарға өтемақы төлене ме? Бұл сұраққа Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
-->Алдағы уақытта су тасқыны болып, үйін су басқан жағдайда қазақстандықтарға өтемақы төлене ме? Бұл сұраққа Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Елді мекендерде Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен арнайы эвакуациялық пунктер әзірленіп қойылған. Ал үйлері құлап болмаса су басқан жағдайда бюджеттен компенсация төленеді. Әуелі жергілікті бюджеттен беріледі. Ал бұл жетпесе, онда республикалық бюджеттен төленеді. Әр бюджетте төтенше жағдайға резервке ақша бөлініп қойылған. Әуелі комиссия құрылады, ол шығынды анықтайды. Соның нәтижесі бойынша тұрғындарға өтемақы төленеді, - деді И.Күлшімбаев.