Әртүрлі

Оңтүстік өңірлердегі тасжолдарда көктайғақпен күрес күшейтілген режимде жүруде – Қазавтожол

Республикалық маңызы бар автожолдарда көктайғақпен күрес жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info.

Өткен екі тәулік ішінде еліміздің оңтүстік өңірлері аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, температураның күрт ауытқуы байқалды. Осылайша, өткен түнде жол бойында төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Алматы және Жетісу облыстарындағы республикалық трассалардың 6 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Республикалық маңызы бар автожолдарды өңдеу үшін 1 070 текше метр құм-тұз қоспасы пайдаланылды.

Республикалық автожолдар желісінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 477 бірлік арнайы техника мен 1 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.

-->

Жол бөлігін құм-тұз қоспасымен өңдеу жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда. Әрбір учаскеге жол-пайдалану техникасы бөлінді, жолдардың жүру бөлігі директивті нормаларға сәйкес тазартылып, өңделуде. Бұдан басқа, Түркістан облысының жолшылары Шымкент қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі «Самара-Шымкент» автожолының учаскесін су басып, шайылып кетуіне жол бермей, жедел шаралар қабылдады. Инертті материалдары бар 1 200-ден астам қап төселді, су бұру жұмыстары жүргізілді, - делінген «Қазавтожол» ҰК хабарламасында.