Ұшақта қосымша тағамды тегін алудың жолы қандай
Саяхаттап жүрген адам ақысын төлемеген болса да, ұшақта өз үлесінен артықтау тамақ ала алады екен. Quora порталындағы сұрақтардың бірі осыған қатысты болған, оған бортсеріктердің бірі жауап беріпті, деп хабарлады Elorda.info tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
«Ұшақта өз үлесіңізді жеп алғаннан кейін тағы да тамақ сұрай аласыз ба?» - туристтің сұрағы тура осындай болған, ол әлі ұшып көрмеген екен. Ұшақта кез келген артық тамақ әдетте қоқысқа кететін болып шықты. Әсіресе, бұл Еуропадан Азияға бағыт алған ұшақтарда болады. Сондықтан экипаж таза асты бекер лақтырғанша, жолаушылардың тұтынғанын қалайды. Бұл әуе компаниясының ішкі нұсқаулығында бар ереже болып шықты.
Бортсеріктің сөзінше, өз асыңызды ішіп алған соң тағы да қаласаңыз, бәріне қызмет көрсетіп болғанын күтіңіз. Содан кейін өтініш күйінде сұраңыз, талап етпеңіз. Бұл қосымша ас сұрағандар саны қалған тамақтан көбірек болған жағдайда дөрекілігіңізге байланысты сізді айналып өтпеуі үшін қажет.
Жалпы ұшақ жолаушылары арасында қосымша тамақ сұрайтындар қатары көп екен.
Мәселен, алдыңғы рейсті көп тосып қалып қарныңыз қатты ашып кетті немесе ас өте дәмді екен деген сияқты. Егер негізгі тағам қолжетімсіз болса, гарнирлерді алсаңыз болады. Ал лоукостерлерде мұндай жасай алмайсыз, өйткені онда кез келген қосымша дүние ақылы.
-->Саяхаттап жүрген адам ақысын төлемеген болса да, ұшақта өз үлесінен артықтау тамақ ала алады екен. Quora порталындағы сұрақтардың бірі осыған қатысты болған, оған бортсеріктердің бірі жауап беріпті, деп хабарлады Elorda.info tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
«Ұшақта өз үлесіңізді жеп алғаннан кейін тағы да тамақ сұрай аласыз ба?» - туристтің сұрағы тура осындай болған, ол әлі ұшып көрмеген екен. Ұшақта кез келген артық тамақ әдетте қоқысқа кететін болып шықты. Әсіресе, бұл Еуропадан Азияға бағыт алған ұшақтарда болады. Сондықтан экипаж таза асты бекер лақтырғанша, жолаушылардың тұтынғанын қалайды. Бұл әуе компаниясының ішкі нұсқаулығында бар ереже болып шықты.
Бортсеріктің сөзінше, өз асыңызды ішіп алған соң тағы да қаласаңыз, бәріне қызмет көрсетіп болғанын күтіңіз. Содан кейін өтініш күйінде сұраңыз, талап етпеңіз. Бұл қосымша ас сұрағандар саны қалған тамақтан көбірек болған жағдайда дөрекілігіңізге байланысты сізді айналып өтпеуі үшін қажет.
Жалпы ұшақ жолаушылары арасында қосымша тамақ сұрайтындар қатары көп екен.
Сондықтан тегін асты нақты сізге алып келу үшін, алдын ала бір сылтауыңыз болғаны жөн, - дейді бортсерік.