ОСК 25 шетелдік байқаушыны аккредиттеді
Орталық сайлау комиссиясы 25 шетелдік байқаушыны аккредиттеді, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, Сыртқы істер министрлігі 1 шет мемлекет пен 2 халықаралық ұйымнан 25 байқаушыны аккредиттеуді ұсынған. Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі саяси науқанды бақылау үшін халықаралық және парламентаралық ұйымдарға, Қазақстандағы дипломатиялық корпусқа арнайы шақырту жіберді. Сондай-ақ «Байтақ» пен Respublica партиялары барлық өңірлерде мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысады. Орталық сайлау комиссиясы отырыста осындай шешім қабылдады.
-->Орталық сайлау комиссиясы 25 шетелдік байқаушыны аккредиттеді, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, Сыртқы істер министрлігі 1 шет мемлекет пен 2 халықаралық ұйымнан 25 байқаушыны аккредиттеуді ұсынған. Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі саяси науқанды бақылау үшін халықаралық және парламентаралық ұйымдарға, Қазақстандағы дипломатиялық корпусқа арнайы шақырту жіберді. Сондай-ақ «Байтақ» пен Respublica партиялары барлық өңірлерде мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысады. Орталық сайлау комиссиясы отырыста осындай шешім қабылдады.
Сайлау науқаны аясындағы бірінші отырысымызда, 20 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың Халықаралық байқау институтын ашқан болатын. Осыған орай бірқатар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан аккредиттеу бойынша ұсыныстар келіп түсуде. Осы ұсыныстар негізінде Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша аккредиттеу рәсімі жүзеге асырылуда, - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.