Әртүрлі

Елімізде газ өңдейтін ірі зауыт салынады

Қазақстанда құны шамамен 170 млрд теңге болатын зауыт ашу жоспарланып отыр, деп хабарлады Elorda.info LS-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында газ өңдеу зауытының жаңа жобасын 2024-2025 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта қаржыландыру мәселесі шешілді. Бұдан басқа, қызмет көрсетушіні анықтау үшін тендерлік рәсімдер жүргізілуде.

Жоба қарыз қаражаты есебінен іске асырылатын болады. Министрлікте зауыт іске қосылғаннан кейінгі өндірістің қуаты мен ашылатын жұмыс орындары туралы деректер жарияланған жоқ. Алайда, құрылыс кезінде 300 адам тартылатын белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, тағы бір газ өңдеу зауытын Қашаған қаласында 2024 жылға дейін іске қосу жоспарлануда. Бұл нысанның құрылысы 2021 жылдың маусым айында басталды.

Бұдан басқа, Алматы облысында сұйытылған газды қайта өңдеу зауытын ашу жоспарлануда. Инвестор өндіріс ошағын 73,3 млрд теңгеге салуды жоспарлап отыр. Болжам бойынша, кәсіпорынның қуаты тәулігіне 1 млн текше метрді құрайды.

-->

Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес жобаның сметалық құны 167,7 млрд теңгені құрайды, - деп хабарлады министрлікте.