Жанармай арзандауы мүмкін
Қырғызстанда 2023 жылдың қаңтарынан бастап жанармайдың көтерме бағасы арзандап жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Inform.kz жазуынша, алдағы айда бағаны кезең-кезеңімен төмендету нәтижесінде, елдің ірі мұнай трейдерлері тариф саясатын қайта қарап, жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) 1-1,5 айға жететін қоры болса жанармай бағасын 5-6 сомға түсіреді.
Мониторинг дерегінше, биылғы қаңтарда АИ-92 маркалы жанармайдың орташа бағасы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 сомға арзандады. Дегенмен дизель отынының орташа бөлшек бағасы, керісінше, бір жыл ішінде 58,8-ден 74,1 сомға қымбаттады.
Сондай-ақ, жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сарапшылар жанармай бағасы 1,5-2 сомнан артыққа арзандамайды деген болжам жасап отыр. ҚР-ның ЖЖМ нарығында табиғи монополия құрылған, отынның басым бөлігі Ресейден келеді. Бензин бағасына қатысты жағдай нарық трансформацияланғанда ғана өзгеруі мүмкін.
-->Қырғызстанда 2023 жылдың қаңтарынан бастап жанармайдың көтерме бағасы арзандап жатыр, деп хабарлады Elorda.info.