Әртүрлі

Жат ағымға кірген 1400 адам оңалтудан өтті

Қазақстан діни басқармасы жат ағымның жетегінде кеткен 1400-ден аса адамды оңалтудан өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, теріс ілімнің арбауына түскен жастармен жұмыс биыл да күшейеді. Сонымен қатар енді дін мен дәстүр, ізгі қоғам, исхан және насихат, діни оқу-ағарту бағыттарына басымдық беріледі. Бұл туралы бас муфти Наурызбай Тағанұлы дін қызметкерлеріне арналған бағдарлық баяндамасында мәлімдеді. Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» деп жариялады. Осыған байланысты болашақ дін мамандарын ұлтжандылыққа, отанүйгіштікке баулу басты мақсат болып отыр. Ол үшін медреселерге «Алаштану», «Тұлғатану» пәндері енгізіледі. Одан бөлек, елдің бірқатар өңірінде студенттерге арналған жатақхана салу жоспарда бар. Жиында шетелде діни білім алу мәселесі де көтерілді.

-->

Кейде біз білмейтін, шетелдегі әртүрлі біз білмейтін белгісіз оқу орындарына жерлестеріміз кетіп қалуы мүмкін. Соның алдын алу мақсатында Нұр Мүбәрак университетіне жыл сайын гранттар бөлініп жатыр. Мақсатымыз - шетелден емес өзіміздің мемлекеттен тегін білім алуға мүмкіндік жасау. Сонымен қатар 9 медрессеміз бар, Аллаға шүкір сол медресселерде барынша өізміздің жерлестерімізді өз елімізщде оқытуға үлес қосып жатырмыз, - ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы.