Әртүрлі

Елдегі су қоймалары тәулік бойы бақылауға алынады

Қаңтар айында таулы аймақтарда жауын-шашын көлемі әдеттегіден 4 есе көп түскен, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, соның салдарынан су тасқыны қаупі жоғарылап отыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты. Министрдің сөзінше, қазір су қоймаларында жиналған судың деңгейі 60-тан 75% дейін жеткен. Қазір жедел штаб құрылып мамандар әрбір гидро нысанда күнделікті мониторинг жасап мән-жайды бақылап отыр. 

-->

Бұқтырма су қоймасында қазіргі таңда 42% резерв бар. Шөлбі су қоймасында әзірше 22% көлем бар. Әсіресе Шардарада көп сөз болды. Қазіргі таңда ол ерде 30% жуық резерв бар. Барлық су қоймаларға тоқатамай-ақ қояйын. Дегенмен қазіргі таңда соңғы 20 күнде біз әр күн сайын тиісті қорытынды жасап, нақты әрбір су қоймаларының жағдайын қадағалап, судың келуі және суды ағызу мәселесіне ерекше қарап жатырмыз, - деді Экология және табиғи ресурстар министрі Зулфия Сүлейменова.