Әртүрлі

Автокөлік өртенген жағдайда не істеу керек

Жыл басынан бері елордада көліктердің өртеніп кетуі күрт артты. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қала тұрғындарына жолда жүру кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін еске салды, деп хабарлады Elorda.info.

Көліктердің өртенуіне электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі және газ баллонды жабдықтың дұрыс орнатылмауы, сондай-ақ техникалық тексерудің дұрыс жүргізілмеуі себеп болып отыр.

Осыған байланысты елордалық ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады. Егер көлік қозғалыс кезінде жанған болса, мынадай әрекеттерді орындау керек:

- Көлікті дереу тоқтатып, жолаушыларды салоннан эвакуациялау;

- 101 нөміріне қоңырау шалу, сондай-ақ жақын маңдағы адамдардан көмек сұраңыз;

- қозғалтқышты сөндіріп, капотты ысырмалардан босату, аккумуляторды дереу ажырату және өрт сөндіргішті қолдану. Тез тұтанатын сұйықтықтар мен электр жабдықтарын сөндіруге арналған кемінде бір литр өрт сөндіргішті өзіңізбен бірге алып жүргеніңіз жөн. Өрт сөндіргіштің көлемі неғұрлым көп болса, өрттің алдын алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады;

- қозғалтқыштағы өртті өшіру үшін суды қолданбаңыз, ол электрсымдарының қысқа тұйықталуына және жанармай жануының өршуіне әкелуі мүмкін;

- егер өрт сұйық отын көліктің артқы жағына таралса, дереу көліктен алыс жүрге жүгіріңіз;

- егер автокөлік гаражда өртеніп кетсе, оны сыртқа шығарып сөндіріңіз;

- егер сіз сол сәтте маймен немесе бензинмен жұмыс істеген болсаңыз, өртті сөндіруге тырыспаңыз. Мұндай жағдайда өзіңіз зардап шегуіңіз мүмкін.

-->