Ескертуді елемеген көлік жүргізушісіне 103 мың теңге айыппұл салынады
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Ведомство жол қызметтері күшейтілген режимге көшірілгенін, ескертуді елемеген жүргізушілерге қатаң жаза қолданылатынын ескертті.
Сондай-ақ ведомство өкілдері республикалық трассалардың пайдаланушыларын ауа райы болжамы және жолдардың жабылуы туралы БАҚ арқылы таратылып жатқан арнайы хабармаларды жіті бақылауға шақырды.
-->Бұл туралы «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Ведомство жол қызметтері күшейтілген режимге көшірілгенін, ескертуді елемеген жүргізушілерге қатаң жаза қолданылатынын ескертті.
Трассаның жабылуы туралы хабарламаны елемеген тұрғындар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 30 AEK немесе 103 500 теңге айыппұлдан 15 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза бар екенін еске саламыз, -делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ ведомство өкілдері республикалық трассалардың пайдаланушыларын ауа райы болжамы және жолдардың жабылуы туралы БАҚ арқылы таратылып жатқан арнайы хабармаларды жіті бақылауға шақырды.