Әртүрлі

Қазақстанда ауасы ең қатты ластанған қалалар белгілі болды

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, министрлік қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі, балық шаруашылығы салалары бойынша жұмыс атқарады. 

Сонымен қатар министр биыл былтырмен салыстырғанда қоршаған ортаны ластайтын шығарындылардың көлемі азайғанын алға тартты. 

Белгілі болғандай, жалпы экологиялық ахуалды жақсарту жұмыстары қабылданған жаңа Экологиялық кодекс, бекітілген «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы, өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Жол карталары, сондай-ақ табиғатты қорғау шаралары аясында жүргізіліп жатыр. 

-->

Атмосфералық ауаның экологиялық мониторингінің нәтижелері көрсеткендей, 45 елді мекеннің 10 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары. Олар Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған, Риддер екендігі анықталды. Сайлауалды тұғырнама аясында Мемлекет басшысы ластаушы заттардың шығарындыларын 20 пайызға азайту міндетін қойды, - деп атап өтті ведомствоның жаңа басшысы. 

Сонымен қатар министр биыл былтырмен салыстырғанда қоршаған ортаны ластайтын шығарындылардың көлемі азайғанын алға тартты. 

Мәселен, 2021 жылмен салыстырғанда, алдын ала мәліметтер бойынша ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерінің нақты көлемі былтыр 4,1 пайызға, яғни 2,4 млн тоннадан 2,3 млн тоннаға және тиісінше 11,7 пайызға (1,02 млн тоннадан 0,9 млн тоннаға дейін) төмендеді, - деді Зүлфия Сүлейменова.