Әртүрлі

Биыл қандай түсті киімдер сәнді болады

2023 жылы нюд пен жарқын түстер, еліктіргіш және көп қабатты киімдер, биік өкшелі және жалпақ табанды аяқ киімдер – әртүрлі киім үлгісі сәнге айналады, деп хабарлады Elorda.info дизайнерлердің болжамына сілтеме жасап.

Pantone түс институты 2023 жылдың ең басты сәні ретінде Viva Magenta түсін атады. Ол қызыл және күлгін түстің қосындысы. 

Осы қыстың басты үрдісі – жасанды жүннен жасалған тон. Әсіресе, табиғи жүнге ұқсас, классикаға жақын пішіндегі түрлі-түсті модельдер, қысқа және ұзын кең пішінді тондар сәнге айналды. 

Осы маусымда дизайнерлер бастан-аяқ былғары киюге кеңес береді. Әсіресе, әрқайсын бөлек киюге болатын екі бөліктен тұратын костюм. Мысалы, былғары белдемше мен орташа немесе максималды ұзындықтағы былғары күрте киюге болады.

Өткен маусымда жилет қайтадан сәнге айналды және алдағы күзде де сәннен түспек емес. Дизайнерлер оны көйлектің, топтың сыртынан немесе тіпті жалаңаш денеге киюді ұсынады.

Белдемшелі костюмдер 2022-2023 күзгі-қысқы трендтерге кірді.

Жаздағы негізгі трендтерінің бірі джинсы шорт болады. Олармен бірге джинс күртешелер де сәнге оралады. Солайша бастан-аяқ джинс кию қайтадан сәнге айналады.

Шашақты киімдер биыл  да сәннен түспейді. Ол жейде, көйлек, белдемше және сырт киімдерде де болады. Дизайнерлер бұл үлгідегі киімді, әсіресе, жазда киюді ұсынады.

Айта кетейік, қарапайым аяқ киімдер сәнге айналады.

-->