Әртүрлі

Астана полицейлері жоғалған адамды тапты

Астана полицейлері патрульдеу кезінде жоғалған адамды тапты, деп хабарлады Elorda.info Polisa.kz-ке сілтеме  жасап. 

Таңертеңгі сағат 08.00 шамасында Патрульдік полиция полкінің полицейлері Талғат Намазбаев пен Әбілқайыр Мырзатаев патрульдеу кезінде Құтпанов көшесіндегі үйдің кіреберісінің жанынан бір ер адамды байқайды. 

Полиция қызметкерлері тоқтап, оны тексеру үшін қасына жақындаған. Ер адамның өзімен бірге құжаттары болмаған. Кейін ол Сарыарқа ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. 

Оның айтуынша, 4 жыл Ақмола облысында тұрып, жұмыс істеген және осы уақыт ішінде туыстарымен байланысын үзген. Тексеру кезінде 48 жастағы ер адамның Ақсу қаласында тұратын 29 жастағы ұлы бар екені анықталды. 

Полицейлер оған бейнеқоңырау арқылы хабарласып, баласы әкесін бірден таныған. 

Ұлы мен әкесінің бірнеше жылдан кейін сөйлескен әсерлі сәті бейнеге түсіп қалған. Баласы әкесін тауып, жаңа жылда отбасына тыныштық пен қуаныш сыйлаған елордалық полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. 

Сол күні ұлы әкесін алып кетті.

-->