Әртүрлі

7 мыңнан астам теміржолшы жолдарды қардан тазартты

7 мыңнан астам теміржолшы жолдарды қардан тазартты, деп хабарлады Elorda.info «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш күн ішінде теміржол желісінде тәулік бойы 7 мыңнан астам теміржолшы жұмыс істеді. Арнайы қар тазалау және қардан аршу техникасының 129 бірлігі жұмылдырылды.

Негізгі іс-шаралар Қарағанды, Қостанай, Семей бөлімшелері аумағындағы магистральдық желілерде өткізілді.

-->

7 мыңнан астам теміржолшы жолдарды қардан тазартты, деп хабарлады Elorda.info «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты пойыздар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір теміржол учаскелерінде қозғалыс жылдамдығына шектеулер қойылды. Осыған байланысты пойыздардың қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілді. Теміржолшылар күрделі метеожағдайларда тұрақты тасымалдау процесін ұйымдастыруға барынша күш салуда. Жауған қалың қарға  байланысты темір жолдарын, бағыттамалық бұрмаларды, жолаушылар платформаларын тазарту бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.