Әріптестері Қаңтар оқиғасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды
Бүгін ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен барлық әскери бөлімдерінде құқықтық тәртіп әскерлері әскери қызметшілерінің ерлігі мен жанкештілігіне арналған «Мәңгілік сапта» акциясы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл күні Ұлттық ұланның жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетті. Жеке құрамға қаңтардағы оқиғалар мен батырлар туралы деректі фильмдер көрсетілді.
Акцияның мақсаты – әскери қызметшілердің жоғары моральдық-жауынгерлік қасиеттерін қалыптастыру, қызметтік-жауынгерлік және арнайы міндеттерді сапалы орындау, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қоғамдағы батылдығы мен жанқиярлығын насихаттап, өскелең ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Қаңтардағы оқиға кезінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері құқық қорғау органдарымен бірлесіп жаппай тәртіпсіздіктер орын алған елдің барлық қалалары мен елдімекендерінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылды.
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұланның 400-ден астам әскери қызметшілері бұзақы топпен қақтығыс салдарынан дене жарақатын алды, сондай-ақ Ұлттық ұланның 90-ға жуық әскери техникасы бүлінді, олардың 9-ы қалпына келтірілмейді.
Қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру бойынша қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде әскерге шақыру бойынша екі әскери қызметші: қатардағы жауынгерлер Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов қаза тапты.
Қарағанды жерінде туған бұл әскери қызметшілер өз өмірлерінің қауіп-қатерге тігіп, халықтың тыныштығы мен амандығы үшін қойылған міндеттерді батылдықпен орындады. Жас жауынгерлер әскери Антқа адал болып, Отанды қорғау жөніндегі конституциялық борышын соңына дейін орындады.
Қатардағы жауынгерлер өздерінің әскери міндеттерін орындау кезінде батылдық пен батырлықтың шынайы бейнесі болды. Олар рухтың ұлы күшімен, Отанға деген сүйіспеншілігімен ерекшеленді. Олардың бейнесі ешқашан өшпейді!
Айбат пен Мадиярдың ұлы есімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының батырлар шежіресіне енген батылдық пен ар-намыстың үлгісі болып қала бермек.
-->Бүгін ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен барлық әскери бөлімдерінде құқықтық тәртіп әскерлері әскери қызметшілерінің ерлігі мен жанкештілігіне арналған «Мәңгілік сапта» акциясы өтті, деп хабарлады Elorda.info.