Жаңа жылды Қазақстанда қарсы алуға 23 мыңнан астам турист келді
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
23 мыңнан астам турист жаңа жылды Қазақстанда қарсы алды, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
EQonaq ақпараттық-талдау жүйесінің мәліметі бойынша елімізде жаңа жыл мерекесін атап өтуге 23 мыңнан астам турист келген.
Бұл - 2022 жылғы 26 желтоқсан мен 2023 жылдың 4 қаңтар аралығын қамтитын есеп.
Туристердің жартысына жуығы (9 мың) Алматыға және 5,1 мыңы Астанаға келді.
Бір қызығы, жаңа жылды қарсы алуға келгендер таңдаған ТОП-5 өңірдің ішінде Ақтөбе, Павлодар және СҚО бар. Яғни, суық өңірлер, - дейді ұлттық компаниядан.
Сондай-ақ, хабарламада Қазақстанға саяхаттаушылардың дені Ресейден келген (15 мың адам).
Одан бөлек, Өзбекстан, Үндістан, ҚХР, Түркия, Германия және Ұлыбритания бар.
Ұқсас жаңалықтар