Әртүрлі

5 адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр – министрлік

Ұлытау облысында жоғалған 5 адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ, 3 қаңтарда сағат 18:30-да Тоба қыстауының иесінен 1978 жылы туған шопан мал іздеуге шығып, оралмағаны туралы мәлімдеме түскен. ТЖ департаментінің, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органның және Тоба қыстауы иесінің құрамында 8 адам және 2 бірлік техника күштері және құралдарымен іздестіру жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта жоғалған 5 адамды іздеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ 2023 жылғы 4 қаңтарда Қарағанды облысының Шет ауданында Қарғалы ауылынан 5 км қашықтықта ТЖД күштерімен 1981 жылы туған азаматты іздестіру жүргізілді, ол 31 желтоқсанда атпен белгісіз бағытқа шығып, оралған жоқ. Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері әлі белгісіз. Іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже берген жоқ және қазіргі уақытта жалғасуда.

ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

Осыған байланысты, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін келесі маңызды ережелерді еске саламыз;

- азаматтар автомобильдермен жолға шықпас бұрын ауа-райына және дауылды ескертулерге назар аударуы керек;

- жазғы доңғалақтарды қысқы доңғалақтарға ауыстырып, көлікте күрек пен балта, жылы заттар, сіріңкелер мен шамдар, азық-түлік пен жанар-жағармай қоры, құрал-саймандар жиынтығы мен сүйрету кабелі, алғашқы медициналық көмек қобдишасы және зарядталған ұялы телефон болуы қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің тәулік бойғы «112» бірыңғай нөміріне немесе «101» нөміріне қоңырау шалыңыз.

-->

Жоғалған адамдардың біреуін іздестіру жұмыстары төртінші күні жүргізіліп жатыр. 1964 жылы туған шопан Кіші Киік қыстауынан белгісіз бағытта шыққан, оның орналасқан жері әлі белгісіз. Жоғалғаны туралы өтініш 2022 жылдың 31 желтоқсанында келіп түскен. Іздестіруге ТЖ департаменті, полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің құрамында 14 адамнан тұратын іздеу тобының күштері мен құралдары және 3 бірлік техника жұмылдырылды, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, 3 қаңтарда сағат 18:30-да Тоба қыстауының иесінен 1978 жылы туған шопан мал іздеуге шығып, оралмағаны туралы мәлімдеме түскен. ТЖ департаментінің, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органның және Тоба қыстауы иесінің құрамында 8 адам және 2 бірлік техника күштері және құралдарымен іздестіру жүргізіліп жатыр.

Осы жылдың 4 қаңтарында 2 қаңтарында 1987 ж.т., 1996 ж. т. және 1993 ж. т. үш адам Қарсақпай ауылынан Бірмаш қыстауына қарай көлікпен шығып, байланысқа шықпағаны туралы мәлімдеме келіп түсті, - деп жазылған хабарламада.