00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда туристік компаниялардың табысы артты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда туристік компаниялардың табысы артты
ашық дереккөз

2022 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша туристік операторлар мен агенттіктер 185,11 миллиард теңге табыс тапты. Бұл пандемия шектеулері әлі күшіне енбеген 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бес есеге көп көрсеткіш, деп хабарлады Elorda.info Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Үшінші тоқсан, яғни кезекті демалыс уақытына шығатындар кезеңі туристік сала үшін дәстүрлі түрдегі қолайлы маусым саналады. Дегенмен, биылғы маусым бұрын-соңды мұншалықты көп табыс – 109,82 млрд теңгені әкелмеген. Салыстыру үшін айта кетсек, 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларындағы көрсеткіш 17,99 млрд теңге, 2020 жылы – 7,04 млрд теңге, 2019 жылы – 16 млрд теңге, 2018 жылы – 11,32 млрд теңге болған, - дейді Бірінші кредиттік бюро хабарламасында.

Сондай-ақ екінші тоқсан да соңғы нәтижеге айтарлықтай үлес қосты – 55,49 млрд теңге.

Жалпы, туристік компаниялар пандемиядан жылдам ес жинай білді –2021 жылдың өзінде олардың табысы бұрынғы деңгейге қайта оралған. Дегенмен өткен 2022 жылғы мол табысқа нақты не себеп болғанын айту қиын дейді сарапшылар.  

Табыстың өсуіне бірқатар факторлар, оның ішінде ПТР тестілері мен ковид паспорттарының күшін жоюы, турпакеттердің құнының 30%-ға өсуі әсер еткен болуы мүмкін. Алайда, қазақстандықтардың тұтыну мүмкіндігі мен туристік ағынның әлі қалпына келе қоймағанын ескерсек, мұншалықты жылдам өсім болмауы тиіс еді, - деп атап өтті сарапшылар.