Әртүрлі

Қазақстандық 60 дәрігер Түркияда біліктілігін арттырды

Қазақстандық 60 дәрігер Түркияда біліктілігін арттырды, деп хабарлады Elorda.info Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Игі шара оқу орнының 30 жылдық мерейтойына орай қолға алынған «Ана жұрттан – ата жұртқа» жобасының аясында жүзеге асты.

Тағылымдама екі кезеңді қамтыды. Алғашқы  топқа Қазақстанның барлық өңірінен 41 дәрігер кірді. Олар екі  апта бойы акушерлік-гинекология, анестезия-реаниматология және неонатология саласында білімі мен дағдыларын артып, босануға байланысты жағдайларды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін үйренді.

Екінші кезекте Түркістан обыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен тағы 19 медицина маманы Түркияда кәсіби қабілетін шыңдады. Сондай-ақ  дәрігерлерге «Аурухананы басқару» тақырыбымен оқу-тәжірибелік жиындар өткізілді.

-->