22 мыңнан астам ресейлік Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алды
Биыл 22 мыңнан астам ресейлік Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Еңбек министрлігінің басшысы министрлік Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың есебін тұрақты түрде жүргізетінін атап өтті.
Биыл Қазақстанда 14 мың шетелдік маманға жұмыс істеуге рұқсат берілді. Олар жұмыс істеп, міндетті зейнетақы жарналарын төлейді. Ал Ресей азаматтарына келетін болсақ, 22 мыңнан сәл астам адам міндетті зейнетақы жарнасын аударады, - деді министр Тамара Дүйсенова.
-->Биыл 22 мыңнан астам ресейлік Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлады Elorda.info.