Әртүрлі

Еліміздің түрмелеріне 2023 жылдың соңына дейін толығымен бейнебақылау орнатылады

Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Роман Теленков айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Роман Теленков биыл еліміздегі 78 мекеменің 62-сі үздіксіз бейнебақылаумен қамтылатынын айтты.

Оның айтуынша, ҚАЖ комитетінде де ахуалдық орталық құрылды. Онда барлық бөлімшенің бейнебақылау жүйелері таратылады. Бұл мекеменің қызметін бақылауға және тек облыстық деңгейде ғана емес, сонымен қатар комитет деңгейінде құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қадағалаушы прокурорлар үшін бейнесуреттерді қашықтан қарау мүмкіндігі қарастырылған.

-->

Бүгінде 28 мыңнан астам бейнекамера орнатылды. Бұл оларда "соқыр нүктелердің" болуын толығымен жояды. Қалған 16 мекемеде бейнебақылау жүйесін енгізу 2023 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр, -  деді Роман Теленков.