«Армандар орындалады» жобасы кімнің арманын орындайды
Елімізде дерті күрделі және айықпас ауруға шалдыққандардың көңілін аулап қолдан келгенше жәрдемдесіп жүрген жандар аз емес. Солардың бірі – «Армандар орындалады» жобасы. Жоба мүшелері 3 пен 18 жас аралығындағы 170 баланың арман-мұратын орындады.
«Elorda.info» тілшісі «Армандар орындалады» жобасының жетекшісі Шамиль Ванкеевпен әңгімелескен болатынн.
Шамиль Ванкеев – Алматы қаласының тумасы. Ол қаладағы физика-математика мектебін тәмамдаған. Кейін Астанадағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді. Оқуды бітірген соң Сүлеймен Демирель атындағы университеттіі әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімінде қызмет етті.
Осылайша ол мектеп қабырғасынан волонтерлікпен айналыса бастаған. Тіпті көпшілікке жәрдемдесетін түрлі қоғамдық ұйымның белсенді мүшесі болған.
Негізінен әуел баста «Menin Armanym» атты корпоративтік қор болып 2020 жылдың 15 қазанында құрылған. Қорға Сүлеймен Демирель атындағы университеттің студенттері мүше болған. Ал мақсаты – ауыр дертке шалдыққан балаларға моральдық қолдау көрсету.
26 жастағы Шамиль Ванкеев жетекшілік ететін жоба мүшелері бүгінгі күнге дейін еліміз бойынша 170 баланың тілегін орындап, алғысына бөленді.
Ал келесі жылы жоба мүшелері шамамен 300-ге жуық баланың арман-тілегін орындауды жоспарлап отыр.
Балаларға арманын орындаған кез келген жан өзін жақсы сезінеді. Олардың бақытты жүздерін көргенде бойды ерекше сезім билейді. Әсіресе олар бақыттан көз жасына ерік береді, - деді Шамиль Ванкеев.
-->

Әке-шешем кішкентай кезімнен адамдарға қолдан келгенше көмектесу керектігін айтты. Бастысы бұл қайтарымсыз көмек болу қажет. Кейін түрлі қауіптен құтқарған қаһармандар жайында көптеген кітап оқыдым. Сол арқылы ойымда әрқашан және кез келген көмекке келетін адамның картинасы қалыптасты. Ал мұндай жандар айналамызда көп екенін әрі оларды «волонтерлар» деп атайтынын есейе келе білдім, - деді Шамиль Ванкеев.
Осылайша ол мектеп қабырғасынан волонтерлікпен айналыса бастаған. Тіпті көпшілікке жәрдемдесетін түрлі қоғамдық ұйымның белсенді мүшесі болған.
Кейін бір топ студентпен «Менің Арманым» атты ұйым құрдық. Бұл 3 пен 18 жас аралығындағы ауыр науқасқа шалдыққан балалардың арман-тілегін орындаумен шұғылданады. Ал 2022 жылдан бастап «Қазақстан медицина жастары» қоғамдық бірлестігімен бірге «Армандар орындалады» жобасын жүзеге асыруды бастадық, - деді жоба жетекшісі.
Негізінен әуел баста «Menin Armanym» атты корпоративтік қор болып 2020 жылдың 15 қазанында құрылған. Қорға Сүлеймен Демирель атындағы университеттің студенттері мүше болған. Ал мақсаты – ауыр дертке шалдыққан балаларға моральдық қолдау көрсету.
«Армандар орындалады» жобасы Азматтық бастамаларды қолдау орталығынан бөлінген грант арқылы іске асырылған. Бұл жобаның – орын ерекше. Басты мақсатымыз – кішкентайынан дамуында ерекшелігі бар және дерті асқынған балалардың арман-тілегін орындау. Сол арқылы оларға моралдық тұрғыда жәрдем беруге халықтың назарын аударуды мақсат еттік, - деді Шамиль Ванкеев.
26 жастағы Шамиль Ванкеев жетекшілік ететін жоба мүшелері бүгінгі күнге дейін еліміз бойынша 170 баланың тілегін орындап, алғысына бөленді.
Мемлекет тарапынан түрлі әлеуметтік грантқа байқаулар болып тұрады. Бірақ біз көбінесе меценат, демеушілермен бірге жұмыс істейміз. Сол арқылы балалардың арманын орындаймыз, - деді ол.
Ал келесі жылы жоба мүшелері шамамен 300-ге жуық баланың арман-тілегін орындауды жоспарлап отыр.
Бұл игі істің қиындығы – моральдық тұрғыда шаршау. Кей уақытта жобаға мүше еріктілер әсіресе өмірлік қиын жағдайдағы жандарға көмектесу кезінде шаршауы мүмкін, - деді ол.