Қазақстандықтар Сейшель аралдарына тікелей рейспен ұша алады
Сейшель аралдарының ұлттық әуе компаниясы «Air Seychelles» Қазақстанға рейс ашады, деп хабарлады Elorda.info Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұрын хабарлағандай, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ассамблеясының 41-сессиясы аясында қазақстандық делегация Сейшель аралдарының авиациялық билік органдарымен келіссөздер жүргізіп, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Әуе рейстердің ашылуы Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
-->Сейшель аралдарының ұлттық әуе компаниясы «Air Seychelles» Қазақстанға рейс ашады, деп хабарлады Elorda.info Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұрын хабарлағандай, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ассамблеясының 41-сессиясы аясында қазақстандық делегация Сейшель аралдарының авиациялық билік органдарымен келіссөздер жүргізіп, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Осы жұмыстардың нәтижесінде Air Seychelles 26 желтоқсаннан бастап Алматы – Махе бағыты бойынша (Абу-Дабиге техникалық қонумен) аптасына 2 рейс жиілігімен бейсенбі және жексенбі күндері A 320 Neo әуе кемелерінде тұрақты жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр, - делінген хабарламада.
Әуе рейстердің ашылуы Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.