Қазақстанда Ақпараттық доктрина қабылдануы мүмкін
Елімізде «Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы» атты жаңа маңызды құжат пайда болуы мүмкін, деп хабарлады Elorda.info.
-->Елімізде «Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы» атты жаңа маңызды құжат пайда болуы мүмкін, деп хабарлады Elorda.info.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасын «Ашық НҚА» интернет-порталында мына сілтеме бойынша орналастырылғандығын хабарлайды.
Осыған байланысты, толыққанды және кешенді құжатты әзірлеу және қабылдау үшін Министрлік аталған құжаттың талқылауына қатысуға шақырады.
Сонымен қатар, жобаны түрлі пікірталас алаңдарында, сараптамалық отырыстарда және бұқаралық ақпарат құралдарында қарау жоспарлануда. Жоспарланған талқылаулардың анонстары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында алдын ала орналастырылатын болады, – делінген министрліктің интернет-ресурсында.