ИИДМ басшысы Air Astana-ны мерейтойымен құттықтады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Air Astana әуе компаниясын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.
20 жылдыққа арналған жиынға Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду қатысып, компанияның мерейтойымен құттықтады.
Бұл орайда министрдің тапсырмасы бойынша ұшақтарды ұлғайту және тасымалдау сыйымдылығын арттыруға байланысты жұмыстар жалғасып келе жатқанын айта кету керек. Биыл авиакомпанияның флоты 6 ұшақпен толықтырылды. Осы ретте 14 желтоқсанда сыйымдылығы 166 жолаушыға арналған A321LR әуе кемесі келгенін атап өткен жөн.
Қазір Air Astana компаниялар тобында шығарылғанына 5,2 жыл болатын 42 ұшақ қолданыста. Биыл әуе операторының флоты 6 ұшақпен толықтырылып, жыл соңына дейін тағы бір әуе кемесін сатып алу жоспарланып отыр. Биыл 10 айда компанияның қызметін шамамен 6 млн адам пайдаланып, көздеген жерлеріне жеткен.
Сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейсті ашуға байланысты Air Astana 3 Boeing-787-9 ұшағын сатып алуға келісімшартқа қол қойды. Аталған лайнерлер тасымалдаушының флотын 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында толықтырады деп жоспарланған.
-->Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Air Astana әуе компаниясын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.
20 жылдыққа арналған жиынға Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду қатысып, компанияның мерейтойымен құттықтады.
Қазір бұл авиакомпанияда жолаушылар ағыны ұлғаюның оң динамикасы байқалып отыр. 2002 жылы қызметтің басында Air Astana әуе кемелері паркінде небәрі 3 ұшақ болған. Бүгінде еліміздің ішкі тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын барлық ұшақтың жартысына жуығы Air Astana-ға тиесілі, - деді Қайырбек Айтбайұлы.
Бұл орайда министрдің тапсырмасы бойынша ұшақтарды ұлғайту және тасымалдау сыйымдылығын арттыруға байланысты жұмыстар жалғасып келе жатқанын айта кету керек. Биыл авиакомпанияның флоты 6 ұшақпен толықтырылды. Осы ретте 14 желтоқсанда сыйымдылығы 166 жолаушыға арналған A321LR әуе кемесі келгенін атап өткен жөн.
Әуе тасымалына сұраныс жыл сайын артып келеді. Сондықтан ұлғайып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін және рейстердің кешігуін азайту үшін қазақстандық әуе кемелерінің паркі 2025 жылға дейін 51 ұшақпен жаңартылады, - деді ведомство басшысы.