Әртүрлі

2023 жылдан бастап балабақшадағы орын саны 2,5 есе артады

Келер жылы балабақшалардағы орын саны екі жарым есе артады. Бұл туралы бүгін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Сонымен бірге әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балабақшаға баратын балалар бюджет қаражаты есебінен тегін тамақпен қамтылады.

Қазіргі кездегі басты мәселердің бірі – 1-4-сыныптарды тамақпен қамтамасыз ету. Министрдің айтуынша, бұл мәселе Президент бағдарламасында көзделген. Осылайша, тағы 1 млн-нан астам балаға бір мезгіл тегін ыстық тамақ беріледі.

-->

Келер жылы балабақшалардағы орын саны екі жарым есе артады. Бұл туралы бүгін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі өзгертіледі. Балабақша қызметінің сапасын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданады.Орындарды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету және қайталануды болдырмау үшін балабақшаларға орталықтандырылған бірыңғай кезек енгізіледі. Сәйкесінше бұл қызметті egov мобильді қосымшасы мен банктердің де қосымшаларынан алуға болады, - деді министр.

Сонымен бірге әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балабақшаға баратын балалар бюджет қаражаты есебінен тегін тамақпен қамтылады.

Бұл - ерекше маңызға ие бастама. Неге десеңіздер, ата-аналар әлеуметтік қиын жағдайына байланысты балабақшадағы тамаққа төлейтін ақшалары болмағандықтан, баланы кезекке де қоймайды, балабақшаға да бармайды. Енді Президенттің тапсырмасына сәйкес 150 мыңнан астам бала тамақпен қамтамасыз етіледі. Ол өз кезегінде баланың одан әрі дұрыс дамуына, болашағына ықпал етеді, - деді Асхат Аймағамбетов.