Әртүрлі

Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Елімізде синтетикалық есірткілердің таралуына қарсы бағытталған «Рефлекс-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

ІІМ мәліметінше, республика аумағында 470 есірткі құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 149 саудалау фактісі, 46 аса ірі мөлшерде сақтау, 25 насихаттау фактісі және 251 қылмыстық әрекеттер тіркелді.

Сондай-ақ заңсыз айналымнан 122 келі синтетикалық есірткі, сондай-ақ 1 келі 300 гр  героин тәркіленді.

Операция басталғаннан бері 5 жасырын есірткі зертханасы таратылды, онда 100 келіден астам қолдануға дайын есірткі тәркіленді. Мысалы, Жамбыл облысында «героинді» сатумен айналысқан қылмыстық топ жойылды. Қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды, олардан бір килограмнан астам героин тәркіленді.   

-->