Отандық мультипликаторлар қазақ тілінде 20 жаңа мультфильм жасады
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жұмысымен танысты, деп хабарлады Elorda.info.
Inform.kz қазақстандық анимацияға биыл 55 жыл толды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі (ШБ) ашылып, қазақ мультипликациясының жұмысы қайта жанданды. Бүгінгі таңда «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі конкурстық негізде республиканың ірі қалаларынан мәлімделген 167 сценарий ішінен үздік 20-сын таңдап, 5 минуттық анимациялық картиналардан тұратын 20 пилоттық жобаны аяқтап үлгерді.
«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жұмысы басталғалы үш ай ішінде анимация саласындағы әлемнің жетекші мамандарынан шеберлік сыныптары өткізілді. Оқу бағдарламасы барысында 300-ден аса студенттер мен жоба қатысушылары шетелдік және қазақстандық мамандардың дәрістері мен практикалық сабақтарына қатысып, кәсіби тәжірибелерін шындады.
Іс-шара барысында Мәдениет министрі анимация ардагерлеріне марапатады. «Еңбек ардагері» медалін, кинорежисер-мультипликаторлар Гүлмира Садықова мен Галина Дусенко және суретші-мультипликатор Эрнст Бейсеитов алды.
Мәдениет министріне «Қазақанимация» ШБ шеңберінде құрылған 20 пилоттық жоба көрсетілді. Сонымен қатар, қазақстандық мультипликаторлар анимация саласындағы халықаралық әріптестерімен меморандумдарға қол қойылды.
Айта кетейік, 55 жыл ішінде отандық екі жүзден аса мультфильм түсіріліп, отыздан аса анимациялық студиялар өмірге келді. 2018 жылы анимациялық киностудиялар қауымдастығы құрылып, өз кезегінде бұл қауымдастық рухани-мәдени маңызы бар көптеген іс шараларды атқарып келеді. Соның ішінде жыл сайын ұйымдастырылатын Халықаралық Amen фестивалі.
Биыл Amen фестивалiне қатысуға Әзербайжан, Грузия, Испания, Қазақстан, Қытай, Түркия, Өзбекстан және Франция мультипликаторларынан барлығы 147 өтінім түсті, олардың 55-і іріктеуден өтті. Бұл жобаларды отандық және шетелдік анимацияның көрнекті қайраткерлері енген қазылар алқасы iрiктедi.
Алдағы жылы қазақ анимациялық кино өнерінің атасы Әмен Қайдардың туғанына бір ғасыр, яғни 100 жыл толмақ. Осыған орай «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «Әмен ағаның ғажайып бәйтерегі» атты қысқаметражды мультфильм түсірілді.
-->Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жұмысымен танысты, деп хабарлады Elorda.info.
Inform.kz қазақстандық анимацияға биыл 55 жыл толды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі (ШБ) ашылып, қазақ мультипликациясының жұмысы қайта жанданды. Бүгінгі таңда «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі конкурстық негізде республиканың ірі қалаларынан мәлімделген 167 сценарий ішінен үздік 20-сын таңдап, 5 минуттық анимациялық картиналардан тұратын 20 пилоттық жобаны аяқтап үлгерді.
2022 жыл ұлттық анимациялық кино өнері үшін айтулы жыл болды. Себебі биыл қазақ анимациялық кино өнеріне 55 жыл толды. Анимация саласы майталмандарының талай жылдан бергі арманы орындалып, Шәкен атамыздың атындағы «Қазақфильм» киноностудиясы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі жаңадан жасақталып, қайта құрылды. 1967 жылы қазақ мультипликациясының негізін қалаушы, режиссер Әмен Қайдардың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты тұңғыш фильмінен бастау алған Қазақ анимациялық кино өнері еліміздің келешегі жас ұрпаққа жарты ғасырдан астам уақыт бойы толассыз қызмет етумен келеді, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.