«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 млрд теңге айыппұл салынды
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 млрд теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов осылай мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
-->«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 млрд теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов осылай мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
«АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық кешені – Теміртау қаласындағы атмосфералық ауаны ластаушы негізгі кәсіпорын. Оның ауаны ластаудағы үлесі – 86,4 пайыз. Жыл сайын «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына экологиялық бақылау жүргізіледі. Биылғы 9 айда аумақтық экология департаменті компанияға 7 жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша экологиялық заңнаманың бұзылуы фактілері анықталды. Мәселен, бейорганикалық шаң-тозаңдарды нормативтен тыс шығарған, бұрын берілген нұсқамаларды орындамаған және газ шығатын құрылғыларды ұстау бойынша тиімді шаралар қабылдамаған, - деді Зұлфұхар Жолдасов.