Әртүрлі

Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің төрт облысында тұман, көктайғақ және қатты жел күтіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Синоптиктер мәліметінше, бүгін Қызылорда облысының оңтүстігінде, 8-9 желтоқсанда облыстың солтүстігінде тұман түседі. Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с-қа жетеді.  Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.

-->