Әртүрлі

Елімізде қанша жеке кәсіпкер бар

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша республикада 1,5 млн жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бұл былтырғыға қарағанда 20,4%-ға көп, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер үлесі – 92,2% (1,4 млн субъект). Жылдық өсім – 25,6%. Бұл соңғы жылдардағы өсімнің ең үлкен көрсеткіші.

Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлердің саны бойынша Алматы көш бастады (184,3 мың). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 53,8%-ға артық. Үштіктер қатарында Түркістан облысы (163,7 мың) мен Астана қаласы (130,6 мың) бар.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үштен бірі сауда мен автожөндеу салаларында байқалып отыр (505,3 мың). Одан кейінгі орындарда ауыл, орман және балық шаруашылығы (245,2 мың), жылжымайтын мүлікпен байланысты операциялар саласы (72,5 мың) кірді.

Мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (2,6 есеге, 98 жеке кәсіпкерге дейін), сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі (77,4%-ға, 64,8 мыңға дейін) мен білім беру (49,7%-ға, 20,8 мыңға дейін) салаларындағы жеке кәсіпкерлер саны өсті.

-->