Халық ақыны, белгілі қаламгер Қонысбай Әбіл дүниеден өтті
Танымал айтыскер ақын, сатирик, композитор, журналист Қонысбай Әбіл қайтыс болды, деп хабарлады Elorda.info.
Қаралы хабарды белгілі ақын, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет жеткізді.
Қазақстанның халық ақыны, белгілі айтыскер, сатирик, композитор, журналист Қонысбай Әбіл 1954 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданының Көкалат ауылында өмірге келді. 1977 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. Көп жылдар көлемінде Торғай облысында облыстық «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары, қалалық «Арқалық таңы» газетінің редакторы, Торғай облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы секілді бірқатар жауапты қызмет атқарды.
1998 жылдан бастап Астана қаласында мемлекеттік тілді дамыту ісінің негізін қалады. Алғашқы қадамын Астана қаласы әкімдігінде Тілдерді дамыту секторы меңгерушілігінен (1998 ж.) бастаған ол араға 4-5 ай салып секторды Тіл бөліміне айналдыруға қол жеткізді. 2002 жылдың басында елордада Тілдерді дамыту басқармасын ашып, ана тілді өркендету бағытында бел шеше еңбек етті. Сол кездегі Астана қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Мұхамеджановтың басшылығымен басқарма жанынан «Руханият» мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы ашылып, онда өзге ұлт өкілдері де арнайы даярлықтан өтті. Қазақтың салт-дәстүрін, мәдениетін, өнерін насихаттау саласында да көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Қ.Әбілдің ұйымдастыруымен Астана қаласында республикалық деңгейде 10 ақындар айтысы өткізілді. Жас ұрпақты халық ертегілері кейіпкерлері рухында тәрбиелеу мақсатында «Тазша бала» конкурсы қолға алынып, ел ішіндегі көптеген таланттардың танылуына жол ашты. Осы байқаудың жеңімпаздары атанған Данияр Хамзин, Тұрсынбек Қабатов, Ринат Зайытовтардың есімі бұл күнде республика көлеміне кеңінен танымал. Сол секілді Наурыз мейрамын халықтық мереке ретінде тойлау, Тіл фестивалін қалыптастыру, Абай ескерткіші жанында «Поэзия сағатын» ұйымдастыру, елордада тұратын қаламгерлермен кездесулер өткізу дәстүрге айналды. 2008-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Редакциялау және аударма бөлімінде сектор меңгерушісі болып істеді.
Қонысбай Әбіл сонымен қатар ұлтымыздың ұмыт бола жаздаған ұлы өнері – ақындар айтысының халқымызға қайта оралуына, оның өркендеп дамуына қомақты үлес қосты. Қазіргі қазақ айтысының ақтангерлері Көкен Шәкееев, Көкбай Омаров, Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова, Қатимолда Бердіғалиев, Шынболат Ділдебаев, Ерік Асқаров, Монғолиядан келген Тоқтамұрат Жомарт, ресейлік Амангелді Жүсіповтермен сөз сайысына түсті.
Алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде республикалық газет-журналдарда жарияланған.1990 жылы Ташкент қаласында Балқы Базардың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында бас бәйгеге ие болып, осы жылғы республикалық ІІІ ақындар айтысында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ С.Торайғыровтың, Б.Майлиннің 100 жылдығы құрметіне өткізілген республикалық айтыстарда, телевизиялық айтыстар да сан мәрте топ жарды.
Бірнеше кітаптың авторы.
-->Танымал айтыскер ақын, сатирик, композитор, журналист Қонысбай Әбіл қайтыс болды, деп хабарлады Elorda.info.
Қаралы хабарды белгілі ақын, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет жеткізді.
Қазақ мәдениеті мен әдебиеті тағы бір ауыр қазаға душар болды! Қазақстанның Халық ақыны, қаламгер-сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, танымал әндерімен тамсантқан композитор, «Парасат» орденінің иегері, қайраткер тұлға, «Торғайдың топжарғаны» атанған сегіз қырлы, бір сырлы асыл азамат Қонысбай Әбіл дүниеден өтті.
Алты Алашты ән мен жырға бөлеген «Әй-әй ақыннан» айырылдық!
Ауыр қазаға аза тұта отырып, марқұмның отбасына, бүкіл ел-жұртымызға көңіл айтамын!
Аяулы қаламдас досымыздың нұры пейіште шалқысын! – деп жазды ақын facebook-парақшасында.