Еріктілер ұйымының басшысы: Сенім барда іс те алға басады
Бүгінгі таңда республиканың түкпір-түкпірінде волонтерлік қозғалыстың орталықтары жұмыс істейді. Жастардан құралған волонтерлік ұйымдардың бірі – «Sunqar» жастар қоғамдық бірлестігі. Бұл ұйымның басшысы Еркін Әбдиевпен Elorda.info журналисі әңгімелескен болатын.
«Aq Sunqar» жастар бірлестігі 2011 жылы заңды түрде тіркелген. Ал 2011 жылы бірлестіктің жанынан «Sunqar» еріктілері қозғалысы құрылып, осы күнге дейін волонтер жастармен жұмыстар атқарып келеді.
Әлеуметтік осал топтарға көмектесу арқылы бірлестік еріктілері көп балалы аналардың, жағдайы төмен қарттардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың және кененттен сырқаттанып қалған жандардың алғысына кенеліп жүр.
Сондай-ақ еріктілер шала туған нәрестелер түрлі-түсті киімдер тігумен айналысады.
Еркін Әбдиев елімізде волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді.
Қазіргі кезде жастар қоғамдық бірлестігінде жүз шақты адам бар. Бүгінгі таңда бірлестіктің басты мақсаттарының бірі – волонтерлер санын 500-ге жеткізу.
«Sunqar» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Әбдиев Тараз қаласында 1998 жылы дүниеге келген. Ал 2018 жылы Жамбыл политехникалық жоғары колледжін бітірген.
Оның айтуынша, 2014 жылдан бастап яғни 1-курстан «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесе көптеген жұмыс атқарған. Сол уақытта алғаш рет өңірдегі ардагерлерді аралап, солар жайында ақпарат жинақтап, мұң-мұқтажын ескеріп, содан шығудың жолын іздестірген. Осылайша, ол волонтерлікке бет бұра бастаған.
Бірлестік төрағасы волонтерлік жастарға үлкен мүмкіндік беретінін айтты.
Сондай-ақ Еркін Әбдиев волонтердің бойында қандай қасиеттер болуы керектігін атады.
-->

Оның мақсаттары – өте көп. Біріншіден, волонтерлік бастамаларды жүзеге асыру, мемлекеттік гранттарды жастарға кеңінен насихаттау, олардың іске асуына қолдау көрсету. Қоғамдағы мұқтаж азаматтарға қол ұшын беру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, тазалық жұмыстарын жүргізу сынды өзге де істермен айналысамыз. Басты бағытымыз – қайырымдылық, - деді еріктілер ұйымының басшысы Еркін Әбдиев.
Әлеуметтік осал топтарға көмектесу арқылы бірлестік еріктілері көп балалы аналардың, жағдайы төмен қарттардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың және кененттен сырқаттанып қалған жандардың алғысына кенеліп жүр.
«Sunqar» еріктілер қозғалысы құрылғанынан бастап көптеген іс-шараны атқарып келеді. Мәселен, карантин кезінде тұрақты түрде 100 шақты қартты 1 реттік тамақпен қамтамасыз еттік. Ал 20-ға жуық отбасыға әлеуметтік азық-түлік себеттерін бердік. Сондай-ақ демікпе ауруына шалдыққан қыздың еміне шамамен 200 мың теңгеге жуық қаражат жинап бердік, - деді Е.Әбдиев.
Сондай-ақ еріктілер шала туған нәрестелер түрлі-түсті киімдер тігумен айналысады.
Еркін Әбдиев елімізде волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді.
Қазіргі кезде жастар қоғамдық бірлестігінде жүз шақты адам бар. Бүгінгі таңда бірлестіктің басты мақсаттарының бірі – волонтерлер санын 500-ге жеткізу.
Алдағы уақытта жалғызбасты көмекке мұқтаж қарттарға уақытын тиімді өткізуге арналған жобалар жасағымыз келеді. Олар емін-еркін әңгімелесіп, бір-бірімен ой бөлісіп, шай ішіп, шахмат, т.б. ойындар ойнап, пайдалы уақыт өткізетін жағдай жасау ойымызда бар. Сондай-ақ көп балалы отбасылардың балаларына тегін тіл курстарын ашқымыз келеді, - деді ол.
«Sunqar» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Әбдиев Тараз қаласында 1998 жылы дүниеге келген. Ал 2018 жылы Жамбыл политехникалық жоғары колледжін бітірген.
Оның айтуынша, 2014 жылдан бастап яғни 1-курстан «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесе көптеген жұмыс атқарған. Сол уақытта алғаш рет өңірдегі ардагерлерді аралап, солар жайында ақпарат жинақтап, мұң-мұқтажын ескеріп, содан шығудың жолын іздестірген. Осылайша, ол волонтерлікке бет бұра бастаған.
Әлі есімде, сол уақытта ауа райы да тұрақсыз болған. Бір күні суық болса, екінші күні жауған қар еріп кететін. Содан, аяғымыз су болып, ата-әжелерімізді аралап, қажетті заттарын апарып, дастарханын жайып, шай-тамағын берген едік. Қыс кезінде қарттарға көмек көрсетуге алғаш рет бардық. Осындай істерді атқарып, үйімізге барғанда бойымызды ерекше сезім биледі. Себебі біреуге көмектесу, пайда тигізу жүрекке үлкен жылулық сыйлады. Сол уақыттан бері волонтерлік іспен айналысып келемін, - деді Еркін.
Бірлестік төрағасы волонтерлік жастарға үлкен мүмкіндік беретінін айтты.
Біріншіден, ел көреді, жер көреді және дос табады. Сол арқылы орта қалыптасады. Еріктілікпен айналысқандардың арасында саяси өмірге бет бұрып, саясаткер, әкім, депутат болып кеткендер бар. Волонтерлер көпшілік ортада өзің көрсету арқылы таныс табады. Кейін бұл өміріне үлкен септігін тигізеді, - деді ол.
Сондай-ақ Еркін Әбдиев волонтердің бойында қандай қасиеттер болуы керектігін атады.
Волонтерлікпен айналысатын адамның бойында ең әуелі мейірімділік болуы қажет. Екіншіден, еріктінің қолға алған әр ісіне сенімі болуы керек. Себебі сенім барда іс те алға басады. Сенім арқылы біраз жетістікке жетуге болады. Үшіншіден, волонтерге шыдамдылық керек. Мінеки, волонтердің бойында, бастысы, мейірім, сенім, шыдамдылық болса, атқарған еңбегі де нәтижелі әрі жемісті болады, - деп сөзін түйіндеді ұйым басшысы.