Әртүрлі

Қоңыр аюлар қысқы ұйқыға кетті

Қазан-қараша айларында тау басына  қалың қар түскен уақытта қоңыр аюлар қысқы ұйқыға кетеді, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың ұйқысы 4-5 айға созылады, ал аналықтары мен қонжықтары бір айға ұзақ ұйықтайды. Жабайы аңдардың іздері кездесдескен жерлерге қорықтың ғылыми қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлар фототұзақ орнатады. Биыл олар Алматы қорығындағы фототұзаққа 15 рет түскен. Жыртқыш аң барлық ірі шатқалдарда теңіз деңгейінен 1200-2800 метр биіктікте аралас және қылқан жапырақты ормандарда мекен етеді.

Алайда, былтырғы жылы 3470 метр биіктікте жүргені фототұзаққа іліккен болатын. Күзгі санаққа сәйкес, Алматы қорығы аумағында 26 тянь-шань қоңыр аюы бар.

-->