Әртүрлі

Бүгіннен бастап McDonald's Қазақстанда жұмысын уақытша тоқтатады

Қазақстанда McDonald's (Food Solutions KZ ЖШС) жергілікті жеткізілімдегі шектеулерге байланысты 18 қарашадан бастап жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлады Elorda.info компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Food Solutions KZ ЖШС компаниясы Қазақстанда 6 жылдан аса уақыт жұмыс істейді және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясының көшбасшыларының бірі саналады.

Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында компанияның 24 мейрамханасы бар және олардың ішінде 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

Кейінгі алты жылда компания қайырымдылыққа 80 миллион теңгеден аса қаражат аударған.

-->

Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салып жатыр. Мейрамханалардың ашылу мерзiмi туралы кейінірек хабарланады, - делінген хабарламада.