Әртүрлі

Қазақстанның гендерлік теңдік бойынша көрсеткіштері жақсарды

Қазақстанның гендерлік теңдік бойынша көрсеткіштері жақсарған, деп хабарлады Elorda.info.

Qazaqstan.tv мәліметінше, былтыр 80-ші орында болса, биыл 65-ші орында. Бұл туралы «Қазақстан дамуының жаңа сатысындағы отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат» атты Халықаралық ғылыми конференцияда айтылды. Жиынға отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты. БҰҰ жанындағы әйелдер құрылымы өкілдері Қазақстандағы гендерлік саясат бағытындағы жетістіктерін жоғары бағалады.

Әсіресе, Президент сайлауына қатысып жатқан кандидаттардың екеуі әйел азамат екеніне ерекше тоқталды. Конференцияда гендерлік теңдіктен бөлек, балалар қауіпсіздігі, бақытты отбасы моделін қалыптастыру, демографиялық даму перспективалары, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Қазақстанның соңғы үш жылдағы тәжірибесі де сарапқа салынды.

-->

Халқымыз ұлттық тәрбиемен салт-дәстүр нормалары арқылы отбасы құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Бүгінгі жаһандану заманына сай жан-жақтан үйрену қазіргі заманның талабы. Әсіресе Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басатын шағында ғылыми тәсілдерді зерделеп, сарапшылардың ой-пікіріне құлақ асу маңызды, - деді ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева.