Әртүрлі

Елімізге Амур жолбарысы әкелінеді

Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру аясында «Іле-Балқаш» қорығы дайындалды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Осы орайда ол Қазақстанға үш жолбарыс жеткізілетінін айтты. Бұл тұрғыда ол аталған қорық аумағында қабан мен елік санын көбейту, бұқар бұғыларының популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

-->

Тұран жолбарысы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. «Іле-Балқаш» қорығы дайындалды. Біз бұл қорықтың 415 мың гектардан астам аумағын белгіледі. Жолбарыстарға қатысты айтатын болсақ, қыркүйек айында Ресей Федерациясында өткен экономикалық форумында РФ-тің Табиғат министрлігімен арада меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта тиісті жол картасы әзірленіп жатыр. Оған сәйкес біз ғылыми зерттеулерден басқа, 2025 жылы амур жолбарысының бірінші партиясын елімізге әкелуді жоспарлап отырмыз, - деді С. Брекешев Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол Қазақстанға үш жолбарыс жеткізілетінін айтты. Бұл тұрғыда ол аталған қорық аумағында қабан мен елік санын көбейту, бұқар бұғыларының популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Жолбарыстарды Ресей жағы тегін береді, сондықтан бұл тұрғыда төлем туралы мәселе жоқ. Амур және Тұран жолбарыстарына тоқталсақ, ғалымдарымыз ДНҚ бойынша бұл жолбарыстар өзара жақын екенін дәлелдеді. Сондықтан Амур жолбарыстарын Іле-Балқаш қорығының аумағына қайта жерсіндіру туралы шешім қабылданды, - деді министр.