Ауылдағы бизнесті дамытуға 52,4 млрд теңге бөлінеді – вице-министр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Ауыл әйелдерінің V форумында ауылдағы кәсіпкерлікке бөлінетін қаражат туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info Azattyq Ryhy-на сілтеме жасап.
Вице-министр атап өткендей, 2020 жылы Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба іске асырылған.
-->Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Ауыл әйелдерінің V форумында ауылдағы кәсіпкерлікке бөлінетін қаражат туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info Azattyq Ryhy-на сілтеме жасап.
Биыл ауылдағы елдімекендер мен шағын қалаларға микрокредит беру бағдарламасын жалғастыру үшін 40 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл ауыл тұрғындарына, ондағы әйелдерге жеке бизнес ашуға, тұрақты қосымша табысын арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз,- деді Бағлан Бекбауов.
Вице-министр атап өткендей, 2020 жылы Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба іске асырылған.
Ол жобаға 7,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінде осы жобаның оң тәжірибесін ескеріп, Президенттің тапсырмасына байланысты бұл жоба Қазақстанның барлық өңірінде біртіндеп іске асырылады. 2023 жылы осы жоба аясында ауылдағы бизнесті дамытуға 52,4 млрд теңгеге 11 мыңнан аса микрокредит беріледі деп жоспарланып отыр,-деді ол.